Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
 «Ұлт мақтанышы»

«Ұлт мақтанышы»

25-04-2019 16:22

Сәуір айының 25 жұлдызында Орталық қалалық кітапхананың анықтамалық – библиографиялық бөлімі мен автоматтандыру және цифрлау бөлімінің ұйымдастыруымен Қаныш Сәтбаевтың - 120 жылдығына орай «Ұлт мақтанышы» атты виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Бұл шараға ЕКИнЕУ студенттері қатысты.

Шара барысында Е. Щебетун виртуалды көрмемен толықтай таныстырып өтті. Сонан соң, А. Әбілбаева «Еуразия келбеті» атты ұлы идеяларды біріктірген адамдар мен тарихи оқиғалар туралы деректі фильмдер циклінен құралған жоба туралы айтып берді. Жиналған қауымның назарына «Сәтпаев феномені» атты деректі фильм ұсынылды. 

Шара соңында библиограф Т. Жүнісова тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап викторинасын өткізіп, белсенділік танытқандарға сыйлықтар және библиограф А. Елубаева дайындаған буклеттер таратылды.

Автор: Кітапхана жүйесі