Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ер – елінің қорғаны»

«Ер – елінің қорғаны»

08-05-2019 10:15

№6 кітапхана-коворкинг (Солнечный кенті)   орталығында Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер – елінің қорғаны» атты брейн ринг өткізілді

Бұл шараға Абай атындағы №28 жалпы орта білім беретін мектептің 10-11сынып оқушыларымен Алғашқы Әскери Дайындық оқытушысы Ж.Ж. Ашимханов қатысты.

Шара барысы Мемлекеттік ән ұранмен ашылды. Кітапханашы Ж.Қ. Бектасова Отан қорғаушылар күнімен құттықтап,  тарихы жайлы айтып берді.

Сонымен қатар Ж.Ж. Ашимханов сарбаздарға тілек білдіріп, әскери жаттығулар көрсетті. Саптық дайындық көріністен кейін, 11 сынып оқушылары автоматты жылдам  шапшаңдықпен бұзып көрсетті.  Сарбаздардың білімдерін шыңдау үшін  брейн-рингпен жалғасты. Қатысқан сарбаздарға мадақтама беріп,  сыйлықтар табыс етілді.

Шара соңында «Ер – елінің қорғаны»  атты  кітап көрмеге шолу жүргізілді

Автор: Кітапхана жүйесі