Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Қалам ұшында соғыс іздері...»

«Қалам ұшында соғыс іздері...»

13-05-2019 11:16

№6 кітапхана-коворкинг (Солнечный кенті)   орталығында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған «Қалам ұшында соғыс іздері...» атты әдеби-сазды жыр кеші өткізілді.

Бұл шараға №28 ЖОББМ-нің оқушылары, №17 «Жидек» балабақша қызметкерлері, «Ақниет» әжелер ансамбілі мен оқырмандар шақырылды.

Әдеби-сазды кеш еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіздік жариялаумен басталды.

Кітапханашы Ж.Қ.Бектасова Ұлы Жеңістің тарихы мен, Қазақстаннан шыққан Кеңес Одағының батырлары жайлы айтып өтті. Кеште соғыс туралы әндер шырқалып, өлеңдер мәнерлеп оқылды. Шара соңында  бейнебаян көрсетіліп, кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

Автор: Кітапхана жүйесі