Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Соғыс туралы не білесіз?»

«Соғыс туралы не білесіз?»

13-05-2019 15:08

Мамыр айының 8-жұлдызында Орталық қалалық кітапханада «Шарайна» клубы аясында Ұлы  Жеңістің 74 жылдығына арналған «Соғыс туралы не білесіз?»  атты промо - акциясы ұйымдастырылды. «Ұлы Отан соғысы: 1941-1945» тақырыбына эссе жазу байқауының қорытындысы шығарылды.

Бұл шараға ЖОМ №6,№17,№18 - дің, №7, №17, №24, №25 мектеп-гимназиясыларының,  №35, 36 мектеп - лицейлерінің, Төртүй, Қарасор мектептерінің оқушылары қатысты.

Шара басында кітапханашылар Ұлы Отан соғысының тарихы, Павлодар облысының соғыс ардагерлері мен ҰОС батырлары туралы мәлімет беріп өтті. Содан соң байқауға қатысып, белсенділік танытқан оқушылар мен олардың жетекшілері алғыс хатпен және «Мәнгілік полк» грамотасымен марапатталды.

Шара барысында соғыс туралы өлеңдер мәнерлеп оқылып,  Иванчик отбасылық дуэті және  «Славяночка» вокалды хоры әндерді шырқады.

Промо - акция соңында  «Отты жылдардағы Қазақстан» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Автор: Кітапхана жүйесі