Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Тарихи сана - ұрпақтар сабақтастығы»

«Тарихи сана - ұрпақтар сабақтастығы»

23-05-2019 14:33

"Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар" және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалар  аясында  өткізілген «Тарихи сана - ұрпақтар сабақтастығы» атты конференциясына ЕИТИ, ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімдері, мұражай қызметкерлері, қала тұрғындары, студенттер, мектеп және ОҚК кітапханашылары қатысты.

Конференция барысында ақын, журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Ж.Б. Қоғабаев «Әбікей Сәтбаев: Сәтпаевтар әулеті  және ұрпақ сабақтастығы», ЕИТИ профессоры, филология ғылымының докторы Н.А. Кебина "Роль духовности в становлении личности",  №9 ЖОББМ-нің  тарих пәнінің мұғалімі И.Т.Трухин  «Времен связующая нить»,  ЕКИнЕУ колледжінің студенті, жас ақын Оралхан Таңатар  «Жастар және негізгі құндылықтар», Екібастұз қалалық өлкетану мұражайының  маманы Т.Қ. Бейсембаева «Мұражай –уақыт  пен ұрпақтар байланысы» деген тақырыпта баяндама жасады.

Содан соң библиография бөлімінің библиографы  М. Әлкен «Ұлы Дала мәдениетінің жеті қыры» атты  виртуальді кітап көрмеге, ақпараттық – библиографиялық бөлімнің меңгерушісі А. Әбілбаева кітапхана қорына жаңадан келіп түскен археолог  В.К. Мерцтің  «Краткая история развития материальной культуры Павлодарского Прииртышья» атты кітабына шолу жасады.

Шара сонында баяндамашыларына ЕОКЖ директоры А.Ж. Жанахметова «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»-нің сертификатын салтанатты түрде табыстады.

Автор: Кітапхана жүйесі