Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Кітапханалық шатыр»

«Кітапханалық шатыр»

20-06-2019 16:52

№3 кітапхана – коворкинг орталығының кітапханашылары  жазғы демалыс лагерьі кезінде, №11 орта мектебінің  «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері үшін «Кітапханалық шатыр» атты ашық аспан астындағы кітапхана ұйымдастырды.

Қаламыздың 50 жылдығана арналған саябағында,ашық аспан астында,таза ауа­да  балалар викторинаға,  қызықты ойындарға  қатысып, жасырылған жұмбақтарды шешті. Көрмеге қойылған кітаптар мен жүрналдарды қызықтап, кітапханашылармен бірге ертігілер әлеміне саяхат жасады.

Автор: Кітапхана жүйесі