Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Бағаналы Елорда»

«Бағаналы Елорда»

04-07-2019 15:51

Шара барысында библиограф М.Қ. Әлкен №2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне  кітап көрмесінің бөлімдерімен, ұсынылған әдебиеттермен таныстырып өтті. Атап айтсақ, бірінші бөлімде елордамыздың тарихы мен археологиялық және тарихи ескерткіштері туралы С. Түгелдің «Астана хикаялары»,  А. Смайылдың «Астана ғасырлары», Э.К. Касымбаевтың «История Акмолы (ХІХ – начало ХХХ века), Б.Б. Резванцевтің  «Сердцевина Евразии» және т.б. кітаптарға шолу жасалды. Қатысушылардың назарына екінші бөлімде «Астана. Монументы и скульптуры», «Архитектура Астаны»,  үш тілде жарыққа шыққан Ш. Шахайдың «Жан жүрегім – Астана» кітап – альбомы, үшінші бөлімде еліміздің астанасына арналған ақын – жазушылардың шығармалары ұсынылды.

Автор: Кітапхана жүйесі