Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Өлкетанушы – ғалым»

«Өлкетанушы – ғалым»

26-09-2019 09:13

Орталық қалалық кітапханада Жақсыбаев Серік Имантайұлының шығармашылығына арналған «Өлкетанушы – ғалым» атты естелік кеші болып өтті.

Еске алу кешінде оқушылар мен студенттер, тұрақты оқырмандар қатысты. Қонақ ретінде ақын жерлестеріміз  Ж. Қоғабай, С. Байбосын, Е. Әміренов, өлкетану мұражайының басшысы С.Қ. Ордабаева, «Отарқа» газетінің тілшісі Г. Медеубайтегі, жұбайы Шолпан апай шақырылды.

Іс – шара жүргізушілері К.Б. Карекина, А.С. Үрпекова өлкетанушы – ғалым С.И. Жақсыбаевтің өмірі мен еңбегі туралы мағлұмат беріп өтті.

Кеш қонақтары жазушылар одағының жергілікті ақындары Ж.Б. Қоғабаев, С.Ә. Байбосын, қалалық өлкетану мұражайының басшысы С.Қ. Ордабаева, жас ақын Е. Әміренов, жұбайы Шолпан апай өздерінің естеліктерімен бөлісті.

Содан соң автоматтандыру және цифрлау бөлімінің менгерушісі Е. Щебетун Жақсыбаевқа арналған «Ғалым. Өлкетанушы. Журналист» атты интернет-ресурстын тұсаукесерін өткізді.

Шара соңы «Өлкетанушы – ғалым» атты кітап көрмесімен тамамдалды.

Автор: Кітапхана жүйесі