Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ғасыр үні»

«Ғасыр үні»

02-10-2019 17:03

Орталық қалалық кітапханада Халықаралық музыка күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Екібастұз қалалық Естай атындағы мектептің қатысуымен «Ғасыр үні» атты әдеби – сазды кеш өткізілді.

Кеште ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасы болып келе жатқан мәдени мұрамыз – қазақтың музыка өнері, тарихы жайлы, күйшілердің өнері туралы мағлұмат берілді.

Естай атындағы музыка мектебінің оқушылары дәстүрлі домбыра, қобыз, шертер аспаптарымен «Өмір жолы», «Жезкиік», «Бозінген» күй ойналып, А.Шакенова қазақтың халық әні «Бипыл» әнін домбырамен шырқап, ажарын келтірді. 

Кеш соңында «Ғасыр үні» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

Автор: Кітапхана жүйесі