Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Балалар құқығының конвенциясы»

«Балалар құқығының конвенциясы»

15-11-2019 14:58

Орталық балалар кітапханасында  Дүниежүзілік балалар күніне арнайы "Балалар құқығының конвенциясы"  атты   викторина болып өтті.

Кітапханашы осы күннің тарихы мен маңыздылығы туралы айтып берді.  Ертегі викториналарының көмегімен балалар өз құқықтары мен міндеттерін естеріне түсірді. Әр бала өз құқықтары мен міндеттерін білуі және пайдалану  керек екендігі туралы  қорытынды жасады. Өткізілген ойын қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар анықталып, сыйлықа ие болды.

 

 

Автор: Кітапхана жүйесі