Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

"Шарайна" клубының кезекті отырысы

25-11-2019 10:34

Орталық қалалық кітапханада "Шарайна" әдеби клубының кезекті отырысы болып өтті. 

Отырысты ақын, «Шарайна» әдеби клубының қазақ тобының жетекшісі Сәрсенбекова Самал Шарамазанқызы ашты. Жергілікті ақындар Жұмағали Бижанұлы Қоғабаев пен Сайлау Әшенұлы Байбосын жас буын қаламгерлерге ақындық өнердің құдіреті мен киесі туралы сыр шертті және өлең жазудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып ақ баталарын берді.

Кеш қонақтарын қаламызға танымал ақындар Жұмағали Қоғабаев, Сайлау Байбосын, Самал Сәрсенбекова өз поэзияларымен сусындатса, жас ақындар Толғанай Қазымбекова, Оралхан Таңатар, Қуандық Сүйіндік, Мүнажат Камалова және т.б. өз өлеңдерін оқыды.

Жазба ақындармен қатар айтыс ақыны Бағдат Әлекбаев суырып салма ақындықтың қыр – сырына тоқталып, синкретті өнерге жататын терме өнеріндегі сөз құдіретіне тоқталып Майлықожаның термесін орындады.

Автор: Кітапхана жүйесі