Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Тұлға тұғыры»

«Тұлға тұғыры»

28-11-2019 09:25

Орталық қалалық кітапханада Павлодар облысы мамандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған «Тұлға тұғыры» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.

Шара басында библиограф М.Қ. Аскарова мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне атаулы күннің қабылдану тарихы жайлы мағлұматтады. Содан соң, «1 – желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» атты бейнеролик көрсетілді.

Шараның жалғасында библиограф М.Қ. Аскарова кітап көрмесінің бөлімдерімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.

Қатысушылардың назарына бірінші бөлімде тұңғыш елбасы жайлы жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян», Н. Онжанов «Бітімгер», В.Ф. Михайлов, Т.А. Мансуров «Нурсултан Назарбаев», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1990-1991 жж» және т.б. әдебиеттер ұсынылды. Екінші бөлімде Н.Ә. Назарбаевтың «Ақыл – парасат кітабы», «Таңдамалы сөздер. Т.1», «Тәуелсіздік дәуірі» және т.б. еңбектері ұсынылды.

Кітап көрмесінің тұсаукесерінің соңында «Балалық шағымның аспаны» атты фильмнен үзінді тамашаланды.

Автор: Кітапхана жүйесі