Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Алтын Орда – Еуразия империясы»

«Алтын Орда – Еуразия империясы»

14-01-2020 16:22

Орталық қалалық кітапхана қабырғасында Алтын Орданың 750 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Алтын Орда – Еуразия империясы»  атты әдеби – деректі кітап көрмесінің тұсаукесері болып өтті.

Көрме тұсаукесер салтанатына №26 ЖОББМ-тің  6 «ә» сынып оқушылары, ЕКИнЕУ студенттері, кітапханашылар қатысты.

Шара басында кітапханашылар А.Үрпекова мен А.Жұмағалиева көрермендерді Алтын Орда мемлекетінің құрылу, күйреу  тарихымен, Ақ Орданың дербестікке ие болуы, сонымен қатар ішкі – сыртқы саясатымен таныстырды. Алтын Орда империясының негізін қалаған хандар туралы және қазақ хандығының құрылу тарихы  туралы мәліметтер берді.

Шара соңында аңықтамалық-библиографиялық бөлімінің библиографы М.Асқарова «Алтын Орда – Еуразия империясы»  атты әдеби – деректі кітап көрмесінің бөлімдерімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.

Автор: Кітапхана жүйесі