Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Әлем таныған Абай»

«Әлем таныған Абай»

23-01-2020 14:58

Орталық қалалық кітапхананың оқу залында қазақтың біртуар ұлы, данышпан ақын, ойшыл, дана, ғұлама, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Әлем таныған Абай»  атты әдеби - иллюстрациялық көрменің тұсаукесері болып өтті.

Көрменің тұсаукесер салтанатына №24, 26 мектептің 8, 9- сынып оқушылары, ЕКИнЕУ студенттері,  кітапханашылар қатысты.

Тұсаукесердің басты мақсаты Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын, адами қасиеттерін  кеңінен дәріптеу. Шығармаларын насихаттау.

Шара басында қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері А.Жұмағалиева мен С.Цветкова  Абайдың өмірі мен шығармашалықтары жайлы мағлұмат беріп өтті. Содан соң  ақпараттық  – библиографиялық бөлімінің библиографы А.Елубаева «Әлем таныған Абай» атты әдеби - иллюстрациялық көрмеге 2 тілде шолу жасады.

Сонымен қатар, «Экран бетіндегі кітап» библиокинотеатр жобасы аясында «Еуразия келбеті» топтамасы бойынша жарық көрген «Абай Құнанбаев» фильмі көрсетілді.     

Сондай-ақ  мектеп оқушылары А.Бектемір, А.Жақсылық,  Е.Урумцева,Т.Балташ ақын өлеңдерін, қарасөздерін оқып, ал В.Браун «Көзімнің қарасы» атты әнін  нақышына келтіре отырып орындап берді.

Автор: Кітапхана жүйесі