Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«2019 жылы Екібастұз қаласының ОКЖ кітапханаларының жұмыс қорытындысы. Жаңа жобаларды іске асыру аясында ауылдық кітапханалардың даму перспективалары»

«2019 жылы Екібастұз қаласының ОКЖ кітапханаларының жұмыс қорытындысы. Жаңа жобаларды іске асыру аясында ауылдық кітапханалардың даму перспективалары»

05-02-2020 17:04

Орталық қалалық кітапханада қалалық және ауылдық кітапханалардың қызметкерлеріне арналған семинар өткізілді 

Семинарды ОКЖ-ның директоры А.Ж. Жанахметова 2019 жылдын жұмыс қорытындысымен бастап, марапат рәсімімен жалғастырды.

Сондай-ақ семинарда келесі мәселелерге тоқталып өтті:

«Жылдық есеп 2019. ОКЖ кітапханаларының негізгі бақылау көрсеткіштері. Ауылдық кітапханалардың 5 қызметі» туралы кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі Г.Төрегелдинова, «Кітапхана әлеуметтік желілерде» автоматтандыру және цифрлау бөлімінің меңгеруші Е.Щебетун, «ОКЖ кітапханаларының анықтамалық-библиографиялық жұмысы бойынша жылдық есеп беру қорытындысы» ақпараттық-    библиографиялық бөлімінің меңгерушісі А.Әбілбаева, «Библиотерапия», «Кітапханадан тыс» жобаларын іске асыру туралы» ОКЖ әдіскері Р. Сейсекенова, «Кітап қорын толықтыру және сақтау» кітап қорын толықтыру және өңдеу   бөлімінің меңгерушісі Н.Фаризова.

ОКЖ әдіскері Ұ.Бегетаева «2020 жылға арналған ауылдық кітапханалардың жеке жобалары» туралы мәлімет беріп өтті. Өлеңті а/к кітапханашысы              Ж.Қиясова  «100 – кітап таңда», Қарасу а/к кітапханашысы                  Ж.Чебентаева «Кітап - тосынсый», №8 кітапханашысы (Шідерті к)  Н.Бобровская «История поселка в лицах», Екібастұз а/к кітапханашысы Ә.Шахтаева «Төртүй және төртүй тұрғындары» атты жобаларымен таныстырды.

Автор: Кітапхана жүйесі