Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Абайды оқы, таңырқа»

«Абайды оқы, таңырқа»

11-02-2020 17:29

Орталық қалалық кітапханада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайды оқы, таңырқа» атты дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында библиограф М.Қ. Аскарова №2 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы және ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы туралы баяндады.  Сондай – ақ, өрт сөндіру бөлімінің қызметінің қызметкерлері Абайдың қара сөздерін, М. Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясы туралы талқылады.

Шара соңында «Әлем таныған Абай» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Автор: Кітапхана жүйесі