Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ұлттық сананы жаңғыртқан басылым»

«Ұлттық сананы жаңғыртқан басылым»

12-02-2020 16:12

Орталық қалалық кітапханада «Казахстанская правда» газетінің 100 жылдығына арналған «Ұлттық сананы жаңғыртқан басылым» атты ақпарат күні өтті.

Шара барысында анықтамалық - библиографиялық бөлімнің меңгерушісі А. Абильбаева мен библиограф М. Аскарова  Екібастұз политехникалық колледжінің студенттеріне «Казахстанская правда» республикалық газеттің тарихы жайлы баяндап берді.  Сондай – ақ, қатысушылардың назарына республикалық басылымның қызметі жайлы бейнероликтер ұсынылды.

Ақпарат күні соңында библиограф М. Аскарова Қазақстан журналистика тарихы жөніндегі әдебиеттер берілген электронды кітап көрмесіне шолу жасалды.

Автор: Кітапхана жүйесі