Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«2020 жылғы мерейтойлы кітаптар»

«2020 жылғы мерейтойлы кітаптар»

26-02-2020 17:06

Орталық қалалық кітапханада ақпараттық – библиографиялық бөлім «2020 жылғы мерейтойлы кітаптар» атты шолу өткізді. Шараға №10 мектептің 10-сынып оқушылары мен №26 мектептің 9 б - сынып оқушылары шақырылды.

Шара барысында библиограф А.Елубаева 2020 жылдың Қазақстандық жазушылардың мерейтойлы еңбектерімен таныстырды. Атап айтсақ, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ер Тарғын- батырлық жыр», Абайдың «Қара сөздері» атты кітабы, Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек», Сұлтанмахмұт Торайғыров «Кім жазықты» романы, Ғабит Мүсірепов «Қазақ солдаты» және т.б. Содан соң библиограф Т. Жунусова шетел және ресейлік жазушылардың мерейтойлы әдебиеттеріне шолу жасады. Атап айтсақ, У. Шекспир- «Ромео и Джульетта», М. Рид- «Всадник без головы», А. Затаевич- «1000 песен казахского народа» және т.б.

Қорытынды бөлімінде «Оқуға тұрарлық» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Автор: Кітапхана жүйесі