Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Ауылдық клубтардағы мерекелік шаралар

Ауылдық клубтардағы мерекелік шаралар

07-03-2019 19:15

   7 наурыз күні барлық ауылдық округтерде  округ әкімінің қатысуымен  халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты мерекелік шаралар өтті. Ауыл әкімі аяулы асыл жандарды мерекемен құттықтап, қызметінде белсенділік көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға қатысып жүрген ауыл аналарын құттықтады.Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласыалғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді.Сондықтан да осы күні аналарға жасалған құрмет   әрқайсымыздың парызымыз!

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы