Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Бүгін Амал мерекесі» атты дәстүрге арналған шара

«Бүгін Амал мерекесі» атты дәстүрге арналған шара

14-03-2019 18:08

Көрісу дәстүрі – ел ішінде жылдан жылға насихатталып, үзілмей жалғасып келеді. Амал туды жыл келді, – деп қуанған ата – бабаларымыз ағайын – жұрттың амандығын біліп, бір – бірімен көрісуге асыққан. Наурыз айының 21 – жұлдызында күн мен түн теңеліп жыл жаңарса, ал 14 наурыз күні жаңа ай туады. Сондықтан да – Амал мерекесі Наурыз мейрамының беташары іспетті.Осы айтулы мейрамға орай «Атамұра» МО «Бүгін Амал мерекесі» атты дәстүрге арналған шара ұйымдастырылды. Шараға «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестігі, «Кәусар» әжелер ансамблі және жоғары оқу орындарының студенттері мен қала тұрғындары қатысты. Ақ жаулықты әжелер жиналған қауымға әр түрлі дәстүрлерден көрініс көрсетіп, Амал мерекесі туралы кеңінен түсінік беріп өтті.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы