Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Өнер керуені

Өнер керуені

28-03-2019 18:47

Павлодар облысы әкімінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ата-бабадан келе жатқан ұлы мұраны кеңінен насихаттап, халық ауыз әдебиетінің \айтыс, дәстүрлі ән, терме, күй, ұлттық ойын\ фольклорын шалғайда жатқан елді мекендегі халыққа дәріптеу мақсатында облыстық «Шаңырақ» ХШ және МСҚ орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың наурыз айынан  бастап «Ұлы даланың  өнерпаздар керуені» атты өнер керуені іс-сапарға шыққан болатын. Өнерпазға толы керуен 28 наурыз күні Сарықамыс ауылына ат басын тіреді. Думандатып келген керуенді «Атамұра» мәдениет орталығы ауыл сыртынан – ақ дәстүрді дәріптеп, сарқылмас салтымызбен қарсы алды.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы