Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Қазақтың Қанышы» атты әдеби – тарихи кеш

«Қазақтың Қанышы» атты әдеби – тарихи кеш

11-04-2019 16:43

Биыл Қазақстан Ғылым академиясының негізін салушы, тұңғыш кәсіби қазақ геологы, тау инженері және бірінші академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 120 жылдық мерейтойы. «Атамұра» мәдениет орталығы 11 сәуір күні Қаныш Имантайұлының туған күні қарсаңында «Қазақтың Қанышы» атты әдеби – тарихи кеш өткізді. Шарада жастарға Қаныш еңбектері кеңінен насихатталып, қалалық орталық кітапхана және өлкетану мұражайынан көрме қойылды. Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі ҚоғабаевЖұмағали Бижанұлы және Қазақстан еңбек ері, Екібастұз қаласының құрметті азаматы Ришат Бабайұлы Әмренов Қаныштың ғылыми жетістіктерін баяндаса, өнерпаздар Жомарт Қабыкенов, Ербол Ахаев, Гүлмайра Тлеубаева ғалымның сүйіп айтқан әндерін жиналған қауымға тарту етті.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы