Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Өнермен өткен өр ғұмыр» атты еске алу кеші

«Өнермен өткен өр ғұмыр» атты еске алу кеші

26-04-2019 17:58

26 сәуір күні «Атамұра» мәдениет оталығында айтыскер, ақын, термеші, дәстүрлі әнші Кәрімов Оташ Уахитұлына арналған «Өнермен өткен өр ғұмыр» атты еске алу кеші өтті. Ұлттық өнерді жаңғыртуға мән берілгенде аудандық, облыстық фестивальдерге қатысып, лауреат атанып жарқ еткен Оташ Уахитұлы З.Роща ауылдық клубының меңгерушісі болып, ауыл мәдениетін жандандырып, әнші – термеші шәкірттерді тәрбиелеген. Ақындығымен қатар сазгерлігі де болған, артына өшпес із қалдырған өнер иесінің туындылары, өнер сүйер қауым жүрегінің төрінен орын таба білді. Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Көзі тірісінде сүйіп айтқан әндері, орталық өнерпаздарының орындауында жиналған қауымға ұсынылды.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы