Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
4 маусым елімізде ҚР Мемлекеттік рәміздер күні.

4 маусым елімізде ҚР Мемлекеттік рәміздер күні.

04-06-2019 12:46

4 маусым елімізде ҚР Мемлекеттік рәміздер күні. Осы күні «Шахтер» мәдени – демалыс саябағында «Мемлекет.Рәміз.Патриот.» атты патриоттық форумы өтті. Шараға қала жастары, түрлі мекемелер, оқу орындары қатысты. Шара барысында қала әкімі Нұржан Кемерұлы «100 аула, 100 үй» акциясының аясында еңбек ұжымдарының командирлеріне велосипед сертификаттарын табыстады. «Мұрагер» халықтық вокалды ансамблі, «Арман» үлгілі вокалдық ансамблі патриоттық әндер шырқап, жиналған жұртшылықтың рухын көтерді.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы