Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы

Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауы

07-06-2019 10:49

6 маусым күні «Атамұра» мәдениет орталығында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық іс – шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауын өткізді. Байқауға жоғары оқу орындарынан және мектептерден 6 үміткер қатысты. Омарбекқызы Мейрамгүл - № 22 гимназия мектебі, Алиакбаров Азамат, Кариева Фариза – ЕКИНЕУ, Қабашева Зарина, Нұрғалиева Нұргүл – Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжі. Қатысушылар 2 бөлім бойынша сынға түсті. Қазылар алқасының шешімімен І орынды Кабашева Зарина, ІІ орынды Алиакбаров Азамат, ІІІ орынды Нұрғалиева Нұргүл иеленді. Барлық қатысушылар дипломмен, алғыс хатпен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы