Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Идеялар жәрмеңкесі» атты тәжірибе алмасу көшпелі семинары

«Идеялар жәрмеңкесі» атты тәжірибе алмасу көшпелі семинары

09-07-2019 09:43

5 шілде күні Ақкөл ауылдық клубында  «Идеялар жәрмеңкесі» атты тәжірибе алмасу көшпелі семинары өтті. Семинарға орталыққа қарасты барлық ауылдық клубтардың әдіскерлері мен мәдени ұйымдастырушылары қатысты. Шара барысында клубтың жұмысы әдістемелік ұсынымдар, қолөнер көрмесі арқылы көрсетілді. Клубтың мәдени ұйымдастырушысы Нұрбике Мәулітқызы сахна безендіруден шеберлік сағатын өткізсе, әдіскері Бақыт Боранбайқызы әріптестерімен «Бәрі келді» интеллектуалды ойынын жүргізді. Балалардың бос уақытын қамту, жазғы демалыстарын тиімді пайдалану жолындағы атқарып жүрген іс – шараларымен клуб ұжымы ертегілер түрлерінен қойылым қою арқылы тәжірибе бөлісті. Семинардың жалғасы клубтың ауласында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын іске асыру мақсатында бие сауу, «Қыз қуу», «Аударыспақ» сияқты ұлттық ойындарын насихаттаумен жалғасын тапты.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы