Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Ақбидайық жазығындағы тарихи тастар табылған шатқалға экскурсия

Ақбидайық жазығындағы тарихи тастар табылған шатқалға экскурсия

29-08-2019 16:13

Қатпарлы тарихы бар қазақ даласы қадым заманнан ежелгі қауым мәдениетін құшағына алып жатыр. Соның ішінде Арқа жері де ескі заманның ескерткіштеріне кенде емес.Солардың бірі қаламызға жақын маңдағы Майқайың станциясының оңтүстігіне қарай 3 шақырымдай жердегі Ақбидайық жазығындағы  бейнелі тастар. Бейнелі тастар бұл шамамен біздің заманымызға дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда салынған, — дейді мамандар. «Атамұра» мәдениет орталығының қызметкерлері "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламасы аясында 29 тамыз күні сол Ақбидайық жазығындағы тастарды көріп, тарихымен танысу мақсатында экскурсияға жасады.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы