Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Менің мемлекетімнің тілі» атты ток шоуы

«Менің мемлекетімнің тілі» атты ток шоуы

05-09-2019 17:23

Елімізде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Аталмыш мереке қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арнап бекітілген. Айтулы күні «Атамұра» мәдениет орталығы жастар арасында «Менің мемлекетімнің тілі» атты ток шоуын өткізді. Шара барысында жастар қазіргі тілдің ахуалы, латын тілінің мәні мен мағынасы туралы өз ойларын жарыса ортаға салды. Осы орайда айта кететін қуантарлық жайт, дарынды жастардың ана тіліне деген құрметі, еліміздегі тіл саясатынан хабардар екендіктері нақты байқалып тұрды. Қатысушылар белгілі ақын – жазушылардың өлеңдерін жатқа оқып, әдеби шығармаларынан ой бөлісті.  

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы