Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Мерейлі отбасы» республикалық байқауы

«Мерейлі отбасы» республикалық байқауы

10-09-2019 09:38

Нұр – Сұлтан қаласында өткен «Мерейлі отбасы» республикалық байқауының гала концертіне облыстық байқаудың жеңімпазы Төлеубаевтар отбасы қатысты. Отағасы Серік Айтқұлұлы «Богатыр - Көмір» ЖШС 25 жылдан аса еңбек етіп келеді. Бүгінгі таңда адал еңбегі үшін Еңбек Даңқы орденімен марапатталған. Жұбайы Нұрсұлу Еркебайқызы 20 жылдан аса мәдениет саласында қызмет жасайды, қазіргі күні «Атамұра» мәдениет орталығының директоры. Өткен жылы «Еңбек адамы» қалалық тақтасына қосу туралы Екібастұз қаласы әкімінің сертификатына ие болды. «Екібастұз қаласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері. Үш бала сүйіп, олардан алты немере көріп отырған аяулы жандар. Аталмыш байқауда Төлеубаевтар отбасына 300 мың теңге көлеміндегі тұрмыстық техникаға сертификат табысталды.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы