Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
1 қазан Қарттар күніне арналған мерекелік шара

1 қазан Қарттар күніне арналған мерекелік шара

30-09-2019 12:01

30 қыркүйек күні «Атамұра» мәдениет орталығында «Екібастұз қалалық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ ұйымдастыруымен үйден қызмет алатын мүмкіндігі шектеулі және мұқтаж қарт адамдарға 1 қазан Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Орталық өнерпаздары Ербол Ахаев, Гүлмира Алданова, Қарлығаш Жолдашева және Достық үйінің «Вечарынка» Белорусь вокалдық тобы концерттік бағдарлама ұсынып, қазыналы қарттарымызға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы