Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ауылым өнер бесігім» фестивалі

«Ауылым өнер бесігім» фестивалі

07-10-2019 17:19

4 қазан күні «Атамұра» мәдениет орталығында «Жастар» жылы аясында Халық шығармашылығының танымдылығын, ауыл тұрғындарының өнерге деген қызығушылығын арттыру, ауылдың өнерлі жастарын анықтау мақсатында өтетін «Ауылым өнер бесігім» атты халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар шығармашылығының фестивалі өтті. Шараға орталыққа қарасты Ақкөл, З.Роща, Төртүй, Тай, Сарықамыс, Құлакөл, Бесқауға, Қоянды, Бәйет, Атығай, Бозшакөл ауылдық клубтары 3 шығармашылық нөмірден дайындап, қатысты. Халықтық дәстүрлі өнер түрлерін кеңінен насихаттау бағытында ұйымдастырылған фестиваль жоғары деңгейде өтті десе болады. Қазылар алқасының шешімімен әдіскері Жомарт Қабыкенов болып жұмыс жасайтын Атығай ауылдық клубы І орынды, әдіскері Бақыт Рыспекова Ақкөл ауылдық клубы ІІ орынды қанжығасына байласа, әдіскері Гүлнар Қадырова Құлакөл ауылдық клубы ІІІ орынды иеленді. Көрермендер мен қазылар алқасын ерекше өнерлерімен тәнті еткен Бесқауға ауылдық клубының «Армандастар» ансамблі, «Ақ бұлақ» әнін орындаған Даниял Рахметолла, «Қара шаңырақ» өлеңін оқып жан тебіренткен бәйеттік қатысушы Марал Айтуған, дауыс диапазоны ерекше кең, құлақ құрышын қандырып ән шырқаған Қуандық Кенжебек сынды өнерпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы