Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады.
Н.Ә.Назарбаев
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып отырған ауылшаруашылық қызметкерлері назардан тыс қалған емес. Елбасының жарлығымен жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісі ауылшаруашылық қызметкерлері күні болып бекітілгені белгілі. «Атамұра» мәдениет орталығының «Атамұра» халықтық ұлт – аспапты ансамблі айтулы мерекемен құттықтап, Ақкөл ауылына «Айналайын ата мекен – ақ мекен» атты көшпелі концертін ұйымдастырды. Қазақы әуендерді әуелете шырқаған өнерпаздар ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.