Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Беласар» салт дәстүріне арналған іс – шара

«Беласар» салт дәстүріне арналған іс – шара

28-11-2019 09:15

27 қараша күні сағат 16.00 «Атамұра» мәдениет орталығында Құлакөл, Құдайкөл, Қарасор ауылдық клубтарының ұйымдастыруымен көнеден ұмыт қалған салт дәстүрлерді көрерменге насихаттап, жаңғыртып көрсету, жастарға отбасылық құндылықтарын сақтауға ықпал ету мақсатында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Беласар» салт дәстүріне арналған іс – шара өтті. Шара барысында қазақ халқының сатып алу, сүйінші сұрау, ат қою, беласар дәстүрлері сахналық көрініс арқылы көрсетілді.  Көріністе рөлдерді Құдайкөл, Құлакөл, Қарасор ауылдық клубтарының мәдени ұйымдастырушылары Патша Маржан, Гүлжахан Миртемирова, Сағындық Қайырбеков және аталмыш ауылдық клубтың әдіскерлері Гүлнар Қадырова, Қарасор ауылдық клубына әдіскер болып жұмысқа жақында келген Қарағанды қаласы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің түлегі Ағыбай Сандыбай сомдап, көрермендерді тәнті етті. Шараға Медициналық колледжі, ЕкИНЕУ студенттері мен қала тұрғындары қатысты.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы