Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ұлы дала тұлғасы» атты театрландырылған сахналық қойылым

«Ұлы дала тұлғасы» атты театрландырылған сахналық қойылым

28-11-2019 17:55

Қарашаның 28 күні сағат 16.00 – де Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Атамұра» мәдениет орталығында Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, даналығын, рухани асыл-мұраларын, өлеңдерін, әндерін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Ұлы дала тұлғасы» атты театрландырылған сахналық қойылым көрсетілді. Көріністе ұлы тұлғаның бала күнінен бастап, кемелденіп дана тұлғаға айналған сәтіне дейін сомдалды. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнінің қалай шыққаны дәріптеліп, Тоғжан екеуінің махаббаты бейнеленді.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы