Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Звездное Шоу» халықаралық байқауы

«Звездное Шоу» халықаралық байқауы

12-02-2020 17:28

2 ақпан күні Естай атындағы балалар музыка мектебінде «Pavlodar music studio» - ның ұйымдастыруымен «Звездное Шоу» халықаралық байқауы өтті. Байқауға вокал және көркем сөз номинациясы бойынша «Атамұра» мәдениет орталығының «Жұлдыз» вокалдық тобының мүшелері Купай Назерке, Турсынбаева Адина, Давлитханқызы Еркеназ, Естаева Еркежан, Купай Мерей және Қоянды ауылдық клубының «Шабыт» көркемсөз шеберлері клубының мүшесі Аяпбергенова Үміт қатысты. Қазылар алқасының шешімімен Ү. Аяпбергенова «Көркем сөз» номинациясы бойынша және Е. Естаева «Вокал» номинациясы бойынша ІІ орынды, басқа қатысушылар жүлделі І орынды иеленді. Өнерпаздар диплом және кубоктармен марапатталды.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы