Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

"Ұлы дала тұлғасы" атты іс-шара

12-02-2020 17:30

7 ақпан күні Естай атындағы балалар музыка мектебінде Ұлы ақын, дара да тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған "Ұлы дала тұлғасы" атты іс-шара өтті. Шарада Естай атындағы балалар музыка мектебінің шәкірттері, скрипкашылар, қобызшылар ансамбльдері әндерін орындап, өлеңдерін оқыды. "Атамұра" мәдениет орталығының өнерпаздары ақынның өмірінен театрландырылған көрініс қойып, бейнесін сомдады. Шара соңында игі істер бастамасының эстафетасын Екібастұз қаласы, Павлодар қаласына жолдады.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы