Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Көрісу күніне арналған мерекелік іс – шара

Көрісу күніне арналған мерекелік іс – шара

13-03-2020 18:04

13 наурыз күні «Атамұра» мәдениет орталығында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамының беташарына айналған «Амал» атауымен тойланып келе жатқан көрісу күніне арналған мерекелік іс – шара өтті. Салт – дәстүрімізді насихаттауда талмай еңбектеніп жүрген «Кәусар» әжелер тобы бұл күні келген қонақтарды бірінші қабаттан «Көрісу» рәсімін жасап қарсы алды. Бұдан ары жиналған қауымды «Атамұра» халықтық ұлт – аспаптар ансамблі мен «Мұрагер» халықтық вокалды ансамблі, «Нәзік» үлгілі хореографиялық би ұжымы, «Жұлдыз» вокалдық тобы  әуезді әннің бесігінде тербеп, көрермендерді шаттық пен қуанышқа бөледі. Шара барысында «Атамұра» мәдениет орталығына қарасты Ақкөл, Зеленая Роща, Төртқұдық, Қарасор, Құлакөл, Қоянды, Атығай, Төртүй, Бесқауға ауылдық клубтарының мәдени қызметкерлері «Қонақ атаңнан да үлкен» атты сахналық қойылым көрсетіп, қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан туыстық атауларын насихаттап, қонақ күту кәделерін көрініс арқылы көрсетті. Ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре – сәре болған жұрт осы қарқынмен Жаңа Жыл – 22 наурыз мейрамын өз отбасыларында қарсы алады.

Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы