Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жаңалықтар
«"Библиотерапия" - "Әр үйге кітаппен" »
Автор: Кітапхана жүйесі
18-10-2019 11:36
Ауыл тұрғындарының әр үйіне кітап жеткізу мақсатында ұйымдастырылған "Библиотерапия" - "Әр үйге кітаппен" жобасы жалғасуда. Өленті ауыл кітапханашысы Ж.Қиясова акцияға шығармашылықпен жақындады! Балалар, әкелген кітаптарды қызықтай отырып, кітапханашыға мәнерлеп оқып берді.
««Кен зерттеушісі» »
Автор: Кітапхана жүйесі
18-10-2019 10:25
«Кен зерттеушісі»
Қосым Пішенбаевтың 175 – жылдығына орай Орталық қалалық кітапхананың ақпараттық – библиографиялық бөлімі әзірлеген «Кен зерттеушісі» атты электронды биобиблиографиялық құралдың тұсаукесері өтті. Тұсаукесер басында ақпараттық – библиографиялық бөлімнің меңгерушісі А. Абильбаева биобиблиографиялық құралдың құрылу мақсатымен таныстырып өтті. Сөз жалғасын библиограф М.Қ. Әлкен Қ. Пішенбаевтың өмірбаянын баяндап, электронды құралдың мазмұнына шолу жасады. Қатысушылар құралдың «Қосым Пішенбаев және Екібастұз», «Пішенбаевты ұлықтау» бөлімдерінде ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі мақалалар мен кітаптардың сандық нұсқаларымен танысты.
««Сакен – основоположник казахской литературы» музейлік сабақ»
Автор: Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайы
16-10-2019 12:31
«Сакен – основоположник казахской литературы» музейлік сабақ
     15 қазан  Қазақстан жазушылар Одағының негізін қалаушы, мемлекеттік қайраткер, ақын, жазушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Сәкен Сейфуллиннің 125-жылдығына орай «Сакен – основоположник казахской литературы» музейлік сабағы болып өтті.Сәкен Сейфуллин жиырма бес жасына толмаса да есімі аңызға айналды. Табиғат бір адамның бойына көп жақсы қасиеттерді бере бермейді, ал Сәкен Сейфуллинге қанша асыл қасиеттер сыйлаған. Керемет жан сұлулығының, кристалдық адалдықтың адамы. Ол қарама-қайшы заманда еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосты. Іс-шараға №6 лицей-мектебінің 8 "В" сынып оқушылары, Еуразиялық Инновациялық Университетінің Екібастұз колледжінің филология бөлімінің 1-курс студенттері,  орталық кітапхана жүйесінің қызметкері шақырылды.  
««Қазақстан-өнер алаңы»атты көрменің тұсауы кесілді»
Автор: Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайы
16-10-2019 12:23
«Қазақстан-өнер алаңы»атты көрменің тұсауы кесілді
        Жөндеуден өткен көрме залы өзінің жаңа маусымын бастады. «Музей достарын шақырады» бағдарлама аясында«Қазақстан-өнер алаңы»атты көрменің тұсауы кесілді. Экспозицияға көркемсурет мектебіндегі шығармашылық шеберхананың 21 жастан 53 жас аралығындағы шеберлердің әр-түрлі техникадағы жұмыстары ұсынылды. 
««Шоқжұлдыз Рустембек Омаров» атты музейлік сабақ»
Автор: Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайы
16-10-2019 12:17
«Шоқжұлдыз Рустембек Омаров»  атты музейлік сабақ
       Қазақтың күй өнерінде есімдері құрметпен аталатын тұлғалар аз емес. Олар өздерінің орындаушылық мектебімен ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан күй мұрасын бүгінгі замандарға жеткізіп, аманаттап кеткен аға ұрпақ дер едік. Қазақтың күйшілік мектебі туралы сөз қозғағанда көрнекті күйші, дәулескер домбырашы, Қазақ КСР-нің Халық артисі Рүстембек Омаровтың есімі айрықша ілтипатпен аталатыны белгілі. 3 қазан Р. Омаровтың 100 жылдығына арналған «Шоқжұлдыз Рустембек Омаров»  атты музейлік сабағы өтті. №25 қазақ қыздар гимназиясының оқушылары  Р. Омаровтың   орындауындағы «Жастық шақ», «Саржайлау», Динаның «Байжұмасын»  күйлерінің сырын ашып шеберлік танытты.
«"Библиотерапия"- "Әр үйге кітаппен" »
Автор: Кітапхана жүйесі
15-10-2019 16:10
Ауыл тұрғындарының әр үйіне кітап жеткізу мақсатында ұйымдастырылған "Библиотерапия" жобасы аясында  ОКЖ - нің ауыл кітапханалары "Әр үйге кітаппен" жобасын жүзеге асырды. Атап айтсақ, Майқайын, Төрт-Құдық, Құдайкөл, Марғұлан, Бәйет, Шідерті,  ауыл кітапханашылары үй-үйлерді аралап, көркем әдеби кітап, журнал басылымдармен таныстыра отырып, тығыз байланыста болды.
«Жас қаламгерлердің бірінші отырысы»
Автор: Кітапхана жүйесі
14-10-2019 15:13
Жас қаламгерлердің бірінші отырысы
Орталық қалалық кітапхана қабырғасында қаламызда жастар арасында әдеби орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған "Шарайна"  клубының отырысы болып өтті.  Алғашқы  отырыста  қаламызға танымал қаламгерлер  З.И. Ильин , Т. Құрманғалиев, С. Ш. Сәрсенбекова,  М. Шумилова,   бард – ақын И. Феоктистов  және жас ақындар  өздерін таныстырып өлеңдерін оқыды, авторлық әндерін гитара аспабының сүйемелдеуімен орындады. Аға буын ақындар жас қаламгерлердің  шығармашылықтарына ақ жол тіледі.
««Жырлайды жүрек»»
Автор: Кітапхана жүйесі
11-10-2019 12:49
«Жырлайды жүрек»
Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні. Осыған орай№ 4 балалар бөлімінің (Солнечный кенті) кітапханашыларымүмкіндігі шектеулі балаларға «Жырлайды жүрек» атты сазды кеш өткізді. Шара барысында балалар өздерін жан-жақты, өнерлі екендерін көрсете білді. Әсем ән, ырғақты би, сурет салып, өлең оқыды. Содан соң балалар кітапханаға саяхат жасап, жаңа әдебиеттермен танысты.
««Тілдарын» қалалық олимпиадасы»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
11-10-2019 09:35
«Тілдарын» қалалық олимпиадасы
10 қазан күні үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау мақсатында «Тілдарын» қалалық олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қаламыздағы колледждердің студенттері мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары, жалпы саны 10 үміткер қатысты. Шарада қатысушылар берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу (қазақ тілінде), берілген тақырып бойынша ағылшын тілінде эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау (қазақ тілінен орыс тіліне) сынды тапсырмаларды орындады. Олимпиадаға қатысушыларға келесідей талаптар қойылады: 1. қазақ тілін білу; 2. ағылшын тілін білу; 3. орыс тілін білу.  Қазылар алқасының шешімі бойынша 3 орынды №25 қазақ қыздар гимназиясыныңоқушысы Копишева Айгерім, 2 орынды Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей-инетернатының оқушысы Баянбай Бекмұхаммед және 1 орынды Екібастұз политехникалық колледжінің студенті Ерғанатов Мақсат иеленді. Байқауға қатысушы үміткерлердің барлығы диплом, алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.         
««Өмірі өнеге тұлға» »
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
07-10-2019 17:24
«Өмірі өнеге тұлға»
7 қазан күні «Қайнар» ББҚ қамту орталығында «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен Екібастұз қаласының құрметті азаматы, Еңбек ардагері Абихас Төлеуханұлы Құсайыновтың  70 жасқа толуына арналған «Өмірі өнеге тұлға» атты салтанатты шара өтті. Саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған мерейтой иесін, Екібастұз қаласының әкімі Иманзаипов Ержан Бейбітұлы құттықтап, иығына шапан жапты. Қала өнерпаздары мерейлі тойда, кеш иесінің сүйікті әндерінен шашу шашты. 
««Ауылым өнер бесігім» фестивалі»
Автор: «Атамұра» мәдениет орталығы
07-10-2019 17:19
«Ауылым өнер бесігім» фестивалі
4 қазан күні «Атамұра» мәдениет орталығында «Жастар» жылы аясында Халық шығармашылығының танымдылығын, ауыл тұрғындарының өнерге деген қызығушылығын арттыру, ауылдың өнерлі жастарын анықтау мақсатында өтетін «Ауылым өнер бесігім» атты халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар шығармашылығының фестивалі өтті. Шараға орталыққа қарасты Ақкөл, З.Роща, Төртүй, Тай, Сарықамыс, Құлакөл, Бесқауға, Қоянды, Бәйет, Атығай, Бозшакөл ауылдық клубтары 3 шығармашылық нөмірден дайындап, қатысты. Халықтық дәстүрлі өнер түрлерін кеңінен насихаттау бағытында ұйымдастырылған фестиваль жоғары деңгейде өтті десе болады. Қазылар алқасының шешімімен әдіскері Жомарт Қабыкенов болып жұмыс жасайтын Атығай ауылдық клубы І орынды, әдіскері Бақыт Рыспекова Ақкөл ауылдық клубы ІІ орынды қанжығасына байласа, әдіскері Гүлнар Қадырова Құлакөл ауылдық клубы ІІІ орынды иеленді. Көрермендер мен қазылар алқасын ерекше өнерлерімен тәнті еткен Бесқауға ауылдық клубының «Армандастар» ансамблі, «Ақ бұлақ» әнін орындаған Даниял Рахметолла, «Қара шаңырақ» өлеңін оқып жан тебіренткен бәйеттік қатысушы Марал Айтуған, дауыс диапазоны ерекше кең, құлақ құрышын қандырып ән шырқаған Қуандық Кенжебек сынды өнерпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
««Ғасыр үні»»
Автор: Кітапхана жүйесі
02-10-2019 17:03
«Ғасыр үні»
Орталық қалалық кітапханада Халықаралық музыка күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Екібастұз қалалық Естай атындағы мектептің қатысуымен «Ғасыр үні» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Кеште ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасы болып келе жатқан мәдени мұрамыз – қазақтың музыка өнері, тарихы жайлы, күйшілердің өнері туралы мағлұмат берілді. Естай атындағы музыка мектебінің оқушылары дәстүрлі домбыра, қобыз, шертер аспаптарымен «Өмір жолы», «Жезкиік», «Бозінген» күй ойналып, А.Шакенова қазақтың халық әні «Бипыл» әнін домбырамен шырқап, ажарын келтірді.  Кеш соңында «Ғасыр үні» атты кітап көрмесіне шолу жүргізілді.

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 253 соңғысы