Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
«Ордабаева Салтанат Қаржаубайқызы»
Ордабаева Салтанат Қаржаубайқызы
        "Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі" КМҚК бөлімшесі Екібастұз тарихи-өлкетану музейінің басшысы,  Халықаралық музей мектебінің модераторы.       Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық  институтын тарих және география мамандығы бойынша бітірді.           Музейде 1994 жылдан бастап қызмет етеді.         Музейді басқаруды жүзеге асырады және музейдің саяси-идеялық мазмұнына, оның ғылыми деңгейіне және ғылыми ағартушылық жұмысының есебіне, ұйымдастырылуына жауапкершілікте болады.        Музей жұмысының жылдық және перспективті жоспарларын құрастырады. Ағымдағы (тоқсандық және ай сайынғы) жоспарларды анықтайды және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.     Музей басшысымен бекітілген мерзімде (жылға, тоқсанға, айға) бөлім жұмысы туралы есеп беріледі.     Музей мамандарының қатысуымен музей жұмысын жетілдіру және дамытудың негізгі бағыттарын дайындайды, экскурсия және дәрістер тақырыптарын анықтайды. Музей қызметкерлерінің қолданыстағы экскурсия тақырып және жаңадан ашылған көрмелер мен экспозицияларды өз уақытында игеру бойынша жұмыстар ұйымдастырады.     Туристер мен...
«Өтеубаев Марат Төлеутемірұлы»
Өтеубаев Марат Төлеутемірұлы
     Қор сақтаушы, тарих ғылымының кандидаты, Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, Халықаралық музей мектебінің модераторы.         1998 жылы Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетінің тарих факультетін бітірді.      Музейдің тәжірибелі қызметі және ғылыми қорының шығармашылық үдерісінде өзін – өзі оқытуда белсенді ат салысады.       Шолу және тақырыптық дәрістерді жасайды және жүйелейді. Мұрағат, кітапхана, музей қорында сақталған материалдардың жоспарын және мақсатты бағытын анықтайды, зерттейді. Мәдениет мекемесінің қорын жіктеуде және құжаттамалауда музей іс номенклатурасына сәйкес дұрыс жүргізеді, сондай – ақ қор қызметін тақырыптық жоспарлау бойынша жұмыстар жүргізеді.        Өзінің кәсіби деңгейін көтеруде үнемі жұмыс істейді. Қоғамдық, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтмақтастықта.      Музейде қызмет атқара жүріп, жоғарғы біліктілікті кәсіби шығармашылық маман ретінде өзін тек жақсы жақтарынан көрсете білді.      Қала және музейдің қоғамдық істеріне қатысады, ұжыммен жақсы тіл табысады, жауапкершілігі мол, жан – жақты.     165 астам мақалалар мен халықаралық...
«Асылова Нұргүл Бейсембайқызы»
Асылова Нұргүл Бейсембайқызы
       Қор маманы.   Нақты мамандандыру есебінен, бөлімнің белгілі бір бейіні бойынша ғылыми жұмыс жүргізеді. Музей қорында сақталатын анықтайды жне зерттейді. Зерттеу барысында есептер, сондай – ақ қажетті ғылыми-анықтамалық аппарат құрады (библиография, картотека, сауалнамалар, рефераттар және т.б.)        Дайындалған мәселелер бойынша қор материалдарын бір тізімге біріктіріп жүйелеп, жинақтауға  қатысады. 
«Смаилова Нағима Бабылбекқызы »
Смаилова Нағима Бабылбекқызы
      Музей маманы, Халықаралық музей мектебінің модераторы.        2001 жылдың ақпан айынан бастап Екібастұз қалалық тарихи-өлкетану музейінде экскурсия жетекшісі, кейін археология маманы ретінде жұмыс істеді.    2006 жылдың сәуір айынан бастап  бас қор сақтаушысы лауазымында жұмыс істеді, 2007 жылдың қараша айынан - музей басшысы, 2016 жылғы қаңтар айынан музей маманы.              2006 жылдың мамыр айында Алматы қаласындағы ғылыми-зерттеу институты жанындағы мәдениет қызметкерлерінің кәсіби білімін көтеру курстарында болды және ЮНЕСКО-ның «Музеолог» бағдарламасы бойынша курстарда білім алды.        «Нұр Отан» партиясының мүшесі.         Наградалары: Павлодар облысы мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы, Екібастұз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Құрмет грамотасы, Екібастұз қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаты, «Үздік мұражай меңгерушісі 2011» байқауында «Ең демократшыл жетекші» номинациясының жеңімпазы (Астана қаласы, 2011ж.),Астана қаласы Мәдениет басқармасының дипломы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Алғыс хаты, Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасы,...
«Қатбенова Гүлзайра Құдайбергенқызы»
Қатбенова Гүлзайра Құдайбергенқызы
      Музей маманы, Халықаралық музей мектебінің модераторы.        Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «тарих» мамандығы бойынша бітірді.           Музейде 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.       Сатып алу қоры комиссиясының, музей әдістемелік кеңесінің мүшесі болып табылады.       Бөлімді басқаруды жүзеге асырады және ғылыми ағартушылық қызмет, экспозиция, жиынтықтар саласындағы жұмыс жағдайына және бөлім қызметкерлерінің жеке жоспарын орындауын қадағалауда жауапкершілікте болады.     Бөлім тақырыбы бойынша экскурсия дайындауды қамтамасыз етеді. Экскурсияны тыңдауға және әдістемелік құжаттарды жасауға және рецензиялауға қатысады.     Бөлімнің ғылыми қызметкерлерінің мамандануын анықтап, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға көмектеседі.      Бөлім жұмысымен байланысты мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетеді және ғылыми кеңестер беруді ұйымдастырады, мамандармен жиі қатынаста болады.        2013 жылы «Жылдың үздік экскурсия жетекшісі» республикалық конкурсына қатысты (ШҚО Семей қаласы).         Екібастұз қаласы...
«Серикбеков Асхат»
Серикбеков Асхат
Музей маманы. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірді. Экспозиция және көрме құруға қатысады. Жаңа экскурсиялық тақырыптар дайындайды. Жаңа материалдарға сәйкес, экскурсияларға толықтырулар мен өзгерістер енгізеді. Іс-шаралар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. 
« Бейсембаева Тойжан Қазбекқызы»
  Бейсембаева Тойжан Қазбекқызы
       Музей маманы. 2013 ж. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетің тәмамдады.            Музейдің көрме және экспозиция залдары бойынша мемлекеттік тілде экскурсия жүргізеді. Тарихи материалдар мен құжаттарды, мұрағаттар материалдарын, статистикалық мәліметтерді, экскурсия нысаны туралы мәліметтер мен басқа да құжаттар мен материалдарды зерттейді. Экскурсиялық әңгімелер техникасын дайындап, мәдениет және тарих бойынша экскурсиялық дәрістер оқиды, өңірдің дәстүрлері мен ғұрыптары туралы айтып, қала қонақтарын қаланың көрікті жерлерімен таныстырады. 
«Наурызбаева Жадыра Наурызбайқызы»
Наурызбаева Жадыра Наурызбайқызы
        Көрмелер ұйымдастыру бойынша музей маманы.        Батыс Қазақстан инженерлі-гуманитарлық университетін «Тарих» мамандығы бойынша бітірді.        2013 жылдың қыркүйегінен бастап тарихи-өлкетану музейінде жұмыс істейді.       Нақты мамандандыру есепке ала отырып, бөлімнің белгілі бір бейіні, мәселелері бойынша ғылыми жұмыс жүргізеді. Зерттеу үдерісінде ғылыми есептер, сондай – ақ қажетті ғылыми-анықтамалық аппарат құрастырады (библиография, картография, сауалнама, рефераттар және т.б.)     Мәселелі зерттеулермен байланысты сұрақтардың шеңберінде ғылыми кеңестер береді. Зерттеу тақырыбы бойынша мақалалар дайындайды, музейдің жарнама баспаларын құрастыруға қатысады (жолкөрсеткіштер, буклеттер және т.с.с.)    Экспозициялар және көрмелер құруға қатысады. Экспозиция құрылымын, тақырыптық және тақырыптық-экспозициялық жоспарларды дайындайды, сондай – ақ сәулеттік бейнелеу жобаларының шешімін талқылауға қатысады.   Экспозицияны құруды жүзеге асыру.       Экскурсиялық және дәрістік жұмыстар жүргізеді.
«Аубакирова Марзияш Алламжарқызы»
Аубакирова Марзияш Алламжарқызы
      Экскурсия жетекшісі. 2002 жылы Қазақ мемлекттік қыздар педагогикалық институтын география пәні оқытушысы мамандығы бойынша бітірді. 2014 жылдың қазан айынан бастап музейде жұмыс істейді.          Музейдің көрме және экспозиция залдары бойынша орыс тілінде экскурсия жүргізеді. Тарихи материалдар мен құжаттарды, мұрағаттар материалдарын, статистикалық мәліметтерді, экскурсия нысаны туралы міліметтер мен басқа да құжаттар мен материалдарды зерттейді. Экскурсиялық әңгімелер техникасын дайындап, мәдениет және тарих бойынша экскурсиялық дәрістер оқиды, өңірдің дәстүрлері мен ғұрыптары туралы айтып, қала қонақтарын қаланың көрікті жерлерімен таныстырады. 
«Әубәкірова Ұлжалғас Әбілдақызы»
Әубәкірова Ұлжалғас Әбілдақызы
          Экскурсия жетекшісі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірді. Музейде 2014 жылдан жұмыс істейді.          Музейдің көрме және экспозиция залдары бойынша мемлекеттік тілде экскурсия жүргізеді. Тарихи материалдар мен құжаттарды, мұрағаттар материалдарын, статистикалық мәліметтерді, экскурсия нысаны туралы мәліметтер мен басқа да құжаттар мен материалдарды зерттейді. Экскурсиялық әңгімелер техникасын дайындап, мәдениет және тарих бойынша экскурсиялық дәрістер оқиды, өңірдің дәстүрлері мен ғұрыптары туралы айтып, қала қонақтарын қаланың көрікті жерлерімен таныстырады.