Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

«Жанахметова Анар Жатайқызы»
Жанахметова Анар Жатайқызы
Екібастұз қ. "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ  директоры     Анар Жатайқызы Жанахметова  1969 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Екібастұз ауданы Өленті ауылында туған. Білімі жоғары кәсіби. Алтай мемлекеттік мәдениет институтын бітірген. (Ресей,Барнаул қаласы). Кітапханадағы алғашқы қадамын 1988 жылы Қалалық орталық кітапханада қызмет көрсету бөлімінің кітапханашы қызметінен бастады. 1997 жылы қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі болды. 2011 жылы Екібастұз Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры болып тағайындалды.  Кітапхана ісін дамыту бойынша Халықаралық, Республикалық семинарларға, конференцияларға қатысты.     Екібастұз қаласының әкімінің алғыс хатымен; Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхананың құрмет грамотасымен; Павлодар облысының еңбек басқармасының, Шығыс Қазақстан облысының кітапханашылар ассоциациясының сертификаттарымен марапатталды. Байланыс телефондары: Ж.Т. 758865 Е-mail -  Anar01@List.ru
«Ермакова Татьяна Сергеевна»
Ермакова Татьяна Сергеевна
  Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорының орынбасары.     1961 жылы 15 қарашада Ақмола облысының Ерементау қаласында дүниеге келген.    1983 жылы Целиниград қаласының инженерлік – құрылыс институтын «Сумен жабдықтау және канализация» мамандығымен бітірді. Бөлінумен «Экибастузшахтастрой» комбинатына жіберіліп, 1986 жылға дейін монтаждық учаскесінің мастері, 1986 жылдан 1998 жылға дейін инженер – геодезист болып жұмыс істеді.   2003 жылдың 18 наурызында  Екiбастұз қаласы әкiмдiгiнiң "Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық пен коммуникация" басқармасында тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі болып қабылданды. 2007 жылдың 1 тамызында жетекшінің орынбасары етіп тағайындалды. 2008 жылдың 18 наурызында «Екібастұз қаласы әкімдігінің аппараты» ММ – де аумақтық даму бөлімінің жетекшісі болып ауыстырылды.   2009 жылдың 30 қыркүйегінен бастап «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ – нің директорының орынбасары қызмет атқарып келеді.   ОКЖ директорының мақтау қағазымен; Павлодар облысының еңбек басқармасының, Орталық Азиядағы энергетикалық тиімділік қолдау бағдарламасының сертификаттарымен марапатталды.
«Науешева Жанаргүл Қаламбекқызы»
Науешева Жанаргүл Қаламбекқызы
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бас есепшісі. 1971 жылы 12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Семей техникумын "есепші" мамандығымен бітірді. ОКЖ - нің бас есепшісі ретінде 2015 жылдың 13 мамырынан бастап жұмыс істейді.